Өлең, жыр, ақындар

Ауылдық кеңестің сайлауы

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 450
Қарашоқтың сауыры,
Әлдекеңнің ауылы
Жиылған жұртқа толып тұр.
Басқыш қылып шананы,
Қолында қағаз, қаламы,
Сөз сөйлеп біреу соғып тұр.
«Жолдастар!
Сайлау басталды,
Ескі әдеттер тасталды,
Кедейге теңдік берілді.
Бай, қуларға алданып,
Ескі жолды қолданып,
Кимеңдер ескі кебінді.
Ауылдық кеңес сайлаймыз,
Мүшеге кісі таңдаймыз,
Орташа, кедей батырақ
Мүшелікке сайлансын,
Бай, қу, молда құр қалсын,
Сайланған олар сатып ап.
Керексіз адам етпесін,
Ауылнай болып кетпесін,
Осы арасын қараңдар!
Түзейді олар ісіңді,
Ел қамын ойлар кісіңді,
Сайлаңдар да таңдаңдар!»
«Сөз бер!— деп Шоқпыт сіңбірді,—
Сағынбай бізді бүлдірді.
Сеніп оны сайлап ек.
Бар пайданы бай алды,
Кедей біткен құр қалды,
Кедейлерден болды әнтек».
Қарашұнақ күрілдеп —
«Мырзақымбет, былай кет!
Сайлауда қанша жұмысын,! 
Маған да салық салыңдар,
Ұялмай-ақ алыңдар,
Ауылнайдың бұл ісін,—
Ұмытпаспын өлсем де,
Бұл сайлауда жеңсем бе!?
Ойнатармын таяқты!
Сайлаудан, байлар шығыңдар
Қызылдан аулақ тұрыңдар!
Қарашы, түсін бояпты!»
Сөйледі Жамал шаңқылдап:
«Мырзажігіт жалпылдап,
Сүттен ақ боп сөйледі.
Толып жатыр айыбы,
Ауылнай болып байыды,
Онысын неге көрмейді.
Законге жұртты үндейді,
Законді өзі білмейді,
Кеудесін ылғи қағады.
Біресе «аттың жалы» деп,
Біресе «кедей қамы» деп,
Күнде ақшаны алады.
Кеткенін қайда білмейсің,
Түк пайдасын көрмейсің,
Пайдасын өзі көреді.
Мырзажігіт сайланса,
Мөрді тағы қолға алса,
Кедейлер сорлап өледі!..»
Жұртта айқай көбейді:
Бетің-жүзің демейді,
Айтып жатыр айыбын.
Орынынан тұрып ду,
Өз кісісін өтінді,
Қол көтермей отырды,
Бай, молда, қажы, қулары.
Түспеді кедей айлаға,
«Пұшық» мұрын қайнаға
Бастық болды кеңеске
Ішінен тынды, амал жоқ,
Қарсыласар заман жоқ,
Байлардың кегі қалды іште.

1927



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге тудым

  • 0
  • 0

Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,

Толық

IV —Теңіздегі тыныс

  • 0
  • 0

Бір жаңалық боп қалды: өмірде, мен,
Курортта тыныстауды көңілге, мен,
Алмай-ақ жүрген шақта, келе ғаппын
«Гагра» аталатын өңірге, мен!..

Толық

Елка

  • 0
  • 0

Балалар, бізге елкаға
Келді міне дед Мороз;
Кел, дед Мороз, дед Мороз,
Жоғары шық, төрге оз!

Толық

Қарап көріңіз