Кегің кетпес, бауырым! – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Кегің кетпес, бауырым!» атты Сәбит Мұқанов жазған бауыр туралы өлең берілген.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1052
О, тағдыр, сен төндірдің
Басыма тағы ауыр күн.
Естірттің өлімін өндірдің,
Қайғысы қатты бауырдың!..
Қанын неге торсыққа,
Қараниет құйды екен!..
Жолыққыр өмірі қырсыққа,
Көзі қалай қиды екен!..
Қайратпен қарсы алдым мен,
Қайғының бұл дауылын,
Түксиіп жауға қалдым мен,
Кегің, кетпес, бауырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері