Өлең, жыр, ақындар

Егістік

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,
Қап-қара қыртыс мақпалдай
Тілінеді, бөледі!
Доңғалақтар шиқылдап,
Соқаның тілі жылтылдап,
Бытырлайды тамырлар.
Ана жылғы Қотыркөк
Күпшектей жұп-жұмыр боп,
Тұяғы қашай басады.
Солқылдатып бүйірін,
Бүлкілдетіп иығын,
Жаңбырдай терін шашады.
Қотыр торпақ өгіз боп,
Қыстан шыққан семіз боп,
Талтаң-талтаң басады.
Шірене тартып соқаны,
Тұяғы жерге батады,
Аузынан көбік шашады,
Қыртысқа тісі қадалып,
Қадалған жерден қан алып,
Тырнайды жерді тырмалар.
Ұсақтығы құм болып,
Үгіледі үн болып,
Тұтасқан қыртыс жалбыр жал.
Нар түйедей қаңқиып,
Құлашын кере шалқиып,
Тұқымды Шоқпыт шашады,
Бидайлары — қызыл нарт,
Қап-қара мақпал топырақ,
Құшақтап қойнын ашады.
Күрке қылып бұтақтан,
Үстіне үйе шеп жапқан,
Шоқпыттың бұл қосы ғой.
Кедейге кесіп егістік
Егістік деген үлкен құт,
Несібесі осы ғой.
Күн кеш, көлік ағытқан,
Күн бойы шаршап, жалыққан,
Жатыр Шоқпыт қосында.
Шоқпытты ғана ие ғып,
Бір қап бидай тиеліп,
Жатыр оның басында.
Астында от жылтылдап,
Бақырда ботқа бырқылдап,
Бүлк-бүлк етіп қайнайды.
Дастарқанда собалақ,
Сындырып, Күңшаш шайнайды.
Ернінің ұшы шошаңдап,
Сұлыны қауып асап ап,
Көпіртіп Кек жұтады.
Пысылдап мұрны дем алып,
Қайырып күйісін ыңыранып,
Қоңыр өгіз жатады.
Шоқпыттың ұлы Қарабас,
Ана жылы жалаңаш.,
Болып сорлы жүдеген.
Тамаққа тоқ, көйлек көк
Еккені егін, уайым жоқ,
Өзгеріп, қазір түлеген.
Егістік өсті тебендеп,
Келеді жасыл берен боп,
Жер құлпыра бастады.
Көлігін Шоқпыт ағытты,
Үш гектар жер салыпты,
Тұқымы одан аспады.
Тұқымды кім бергені,
Қалайша күн көргені,
Әзіне айқын Шоқпыттың.
Бүкіл қазақ халқына
Берген оны Партия...
Өшкен аты «жоқтықтың».
Түтеленген жүндей боп,
Қайнаған сумен бірдей боп,
Толқып бұлттар көшеді.
Қуанып оған момындар,
(Қуанбай қайтсін, егін бар)
«Жауса игі еді» деседі.
Көшіп бұлттар ауады,
Сіркіреп жаңбыр жауады,
Күркірейді күні де.
Сүп-сүйір болып найзадай,
Жылтылдайды найзағай,
Жол беред бұлттар тіліке.
Кемпірқосақ қосылып,
Кек жүзін орап көсіліп,
Құлпырады кілемдей.
Жауа берсе осылай,
Далаға еңбек кетпей жай,
Жер құлпырмақ берендей.

1927



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәкен Сейфуллинге

  • 0
  • 0

Кергем жоқ табиғаттан шеберді мен
Жаз, гүл, бұлбұл,... ғажайып нелерді мен
Жолықтырған шақтарда, Сәкеннен-ақ
Түгел табам «көркемдік» дегенді мен.

Толық

Еңбекші қазақ

  • 0
  • 0

Төрт жылға аяқ аттадың,
Тебіренбей қарап жатпадың,
Тәрбиеші ананың
Адал сүтін ақтадың.

Толық

Алдабергенов туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бастамай-ақ бұл жырды
Баяғы өткен Баяннан
Жырлайың жаңа өмірді,
Бастайық бізге Баяннан.

Толық

Қарап көріңіз