Аш бала еді кешелер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Аш бала еді кешелер» атты Сәкен Иманасов жазған бала туралы өлең берілген.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Аш бала еді кешелер,
аржағына ел қонып,
алқынады деседі ел,
аңдығаны мен болып.
Жаман атқа жал бітіп,
жампозбын деп қалды ма,
асап жатыр қарбытып,
ас қойып ек алдына.
Қарап жүрген кісіде
несі барын кім білген,
қайырымсыз ісіне
қайран болып жүрмін мен.
Тұлдыр өсіп, тұл өсіп,
көзіне күн елестеп,
көшімізге ілесіп
келе жатыр емес пе ед!...
Шет қақпадық жат көріп,
барлығын да жүр естіп,
қайғы-мұңын қақ бөліп,
олжамыздан үлестік.
Неге бүгін албытты,
алды-артына қарамай,
атасынан хандықты
тартып алар баладай?!
Жарлы байып кешегі,
жабығына жел қонып,
... Алқынып жүр деседі,
аңдығаны мен болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері