Желтоқсандағы жыр – Табылды Досымов

Бұл бетте «Желтоқсандағы жыр» атты Табылды Досымов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 17183
«Мен – қазақпын!..»
Ж. Молдағалиев

Мен - қазақпын, жүре алмайтын
Шаттанбаса, күлмесе.
Мен - қазақпын,
Ішкен асын тастай салар жыр десе.
Мен - қазапын,
Ашуланып, талақ қылар тірлікті,
Шайға бола бір кесе...

Мен бұл күнде құл емеспін,
Күң емеспін, Азатпын!
Енді азатпын,
Басымыздан өткен талай тозақ күн.
Мен - қазапын,
Жалғыз атын сыйға арнайтын қонаққа,
Ертесіне қиналмайтын қазақпын.

Мен - қазақпын,
Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен.
Мен - қазақпын,
Азапты да, ғажапты да көп көрген.
Мен - қазақпын,
Жүрегімде шырылдаған шындықты
Жасқамаңдар шоқпармен!...

Мен - қазақпын, мен - қазақпын,
Қазақпын деп айтам ән.
Халқым үшін қан-додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тіберенсе,
Тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтұғын,
Арнасына сыймайтұғын қайтадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері