Ай-ай, бозым (бірінші нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ай-ай, бозым (бірінші нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1653
Балға табы кетпейді темірдегі,
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.

Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.

Қонақ үйге келмейді от алғалы,
Етіңді ас, көжеңді қотар-дағы.
Мойынындай аққудың мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін жатардағы.

Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері