Байғали ағама – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Байғали ағама» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 4
  • 6140
Алқа топтан оза шауып жүлде алған,
Әніменен қақ қайыңдай ырғалған.
Көкейінен әсем әуез үзіліп,
Кейіпкерлер керуенін тізген жан.

Елге сінген еңбегіңіз есепсіз,
Қоғамның да жүгін сүйреп келесіз.
Егеменді елдің туын көтеріп,
Ертеңгі өсер ұл мен қызға сенесіз.

Қаншама арман жүрегінде бүр жарған,
Өткен күннен өлең болып сыр қалған.
Барша қазақ өнеге алсын,жан аға,
Нұрын шашқан, сенің ғажап тұлғаңнан.


Пікірлер (4)

Қуатбек Саяжан

Рахмет

Аға

Өлеңдер

Myrza

Өте керемет!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері