Өлең, жыр, ақындар

Таутұлға

  • 20.02.2020
  • 0
  • 1
  • 1926
«Әбіш Кекілбаев – асыл азамат» азаматтық-ұстанымдық қасиеттері

Әдебиеттің арқасүйер жартасы,
Сізге мәлім туған жердің әр тасы.
Мырзайырдан қанат қаққан мұзбалақ,
Сәлем саған, Маңғыстаудың марқасы!

Батыс жақтың оты қарып бетіңді,
Оңды ауылда талай бала жетілді.
Білім алдың Таушықтағы мектептен,
Мөлдіреген таудың шығы секілді.

Он сегізде Алатауға аттанып,
Алматыдан бақыт қонып, бақ дарып.
Мемлекеттік университеттің шәкірті,
Әдебиет үйірмесінде топтанып.

Сөз білгеннің қойны толып ырысқа,
Соңғы курста қабылданды жұмысқа.
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеті,
Таныстырды бүкіл елге, ұлысқа.

Мәдениет министрлігі елдегі,
Жас маманды қабылдап бір ерледі.
Дәл сол жылы шақырылып әскерге,
Солдаттың тар етігімен терледі.

Ал, содан соң Кино отанын басқарды,
Мәдениетте жазды жаңа дастанды.
Министрлік, Жазушылар одағы,
Иеленді сондай-сондай асқарды.

Берген қандай лайықты бағаңды,
Ескерткішті қорғаушылар қоғамы,
Төраға етіп Кеңесіне орталық,
Дәстүр жайлы талай шешім таралды.

Баспалдақтар, санына оның кім жеткен,
Алып шықты елді қиын күрмеуден.
Кемеңгерлік ойлар айтты абыз боп,
Сондықтан да ел сыйлады құрметпен.

«Алтын шуақ» – ең алғашқы жинағы,
Оқырманға қуанышын сыйлады.
«Бір шөкім бұлт» қанатына көтеріп,
Ел есінде жанарға нұр жиғаны.

«Дала балладаларымен» ұнасты,
«Дәуірменен бетпе-бет» кеп, сынасты.
«Бір уыс топырағы» құт болып,
«Тырау-тырау тырналармен» қыр асты.

«Ұйқыдағы аруларды оятып»,
«Шыңырауды» күн нұрына боятып.
Жасағанда «Заманменен сұхбат»,
«Азаттықтың ақ таңы» атты жай атып.

«Үркері» мен «Елең-алаң» – ел жыры,
Бүкіл қазақ атаулының тағдыры.
Мемлекеттік сыйлық алды екеуі,
Ашық айтқан жазушының жан сыры.

«Сыр дестеге» сыйғызып бар аймағын,
Тізе білген асыл сөздің қаймағын.
Қазақстанның Еңбек Ері атанған,
Жадымызды жаңғырта бер, айбарым!



Пікірлер (1)

Талғат Асанов

Осы қарындасымның өлеңдері мағыналы, ұйқасыда жалпы барлығын бір өлеңге сыйдыра алады..Бір сөзбен айтқанда керемет өлеңдеріне сөз жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Астанам - бас қалам

  • 0
  • 7

Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Толық

Апама

  • 0
  • 3

Қиындық, бейнет көп көрдің,
Қаталдау тағдыр өткердің.
Сонда да оған сыр бермей,
Қатардың алды боп келдің.

Толық

Райхан апама

  • 0
  • 1

Райхандай апамды,
Жырыма бүгін қосамын.
Өнеге беріп біздерге,
Білікті дәрігер атандың.

Толық

Қарап көріңіз