Өмір – qalibekovaaa

Бұл бетте «Өмір» атты qalibekovaaa жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір деген бір ұзақ жол тәрізді,
ӨЗ жолыңды әрдайым дұрыс таңда!
Бәз біреулер басады өзге ізді,
Ал даналар салады жолын дара.

Өмір деген-байқау,жанталастық,
Жаратушы-жарыстың төрешісі.
Жетістікке қашан да жүр қуанып,
Сол емс пе,өмірдің кемел тұсы?!

Өмір деген пианино сияқты,
Ақ пен қара қатар жүрер әрқашан.
Екеуін де баспасаңыз тұрақты,
Ғажап әуен еш уақытта шыға алман...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар