Өлең, жыр, ақындар

Ата-анаңның ақ үмітін ақтап қал

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 8576
Құтты болсын сырға салған сәтті күн,
Екі жүрек бірге соқсын тәтті күн.
Келешекке батыл қадам басыңдар,
Тік көтеріп адалдықтың ақ туын.

Қос аққудай бір жүзіңдер көк көлде,
Қол ұстасып бір шығыңдар көк белге.
Жұптарың еш жазылмастан өтіңдер,
Өмір атты мынау қиын өткелден.

Артта қалып еркелігің, жастығың,
Ақ отауды ақ ниетпен бас бүгін.
Сіңлім Мақпал тек сендерге тілерім,
Махаббатың болсын мәңгі тас мығым.

Тұрып әркез уәдеңде, сертіңде ,
Ата-енеңе жаманат сөз келтірме.
Ана болып, ұрпағыңды өрбіту,
Мақпал сіңлім енді сенің еркіңде.

Құтты болып ақ босағаң, қадамың,
Жақсы келін деп берсін ел баға кіл.
Біздер куә болған мынау бүгінгі,
Шаңырағың шайқалмасын,бақытың.

Қиындық көп тосып тұрған алдыңда,
Жүрегіңде жалған отын жандырма,
Тілеулес боп тілек айтқан әпкеңді,
Өміріңде өкінішке бой алдырма.

Арқа сүйер әкең менен барда анаң,
Жақсы білсең жамандыққа бармаған.
Келген үйдің керегесі кең болсын,
Деп тілейміз жалбарынып Алладан.

Жалғыз жүріп ғұмыр кешу бұл күнде,
Қиынның да қиыны сол-білдің бе?
Жан-жарыңнан жырақ кетіп басқаға,
Адалдықтың арлы етегін түрдірме.

Өмір деген бір-ақ сәттік қас-қағым,
Осы айтқанды ой-санаңда сақтағын.
Құтты болсын, құтты болсын тағы да,
Құда жаққа құтты қадам басқаның.



Пікірлер (1)

Салтанат

Ақ ана тәрбиелейді баласын

Пікір қалдырыңыз

Медеу ағама

  • 0
  • 0

Қазақтың ән әлемі дүбірінде,
Дара шауып талайды тәнті еткен.
Қайыспас табандылық ер мінезбен,
Жетістікке жеттіңіз бүгінде бұл.

Толық

Тасқындасын туған елдің табысы

  • 0
  • 1

Кел, кел, төрлет, тау тағысы - Барысым,
Қазағымның бақыты мен бағы үшін.
Желтоқсанда жастарымыз бермеді,
Мұз жастанып елдің ерлік, намысын.

Толық

АЯҚТЫ ШАЛЫС БАСПАҒЫН

  • 1
  • 15

Ғибратты ізін жалғап ізгінің,
Оянуға тілек еттік біз бүгін.
Қыз-ғұмырды шаңға көміп кетеді,
Абайсызда шалыс басқан бір күнің.

Толық

Қарап көріңіз