Шығармас отан мәңгі естен – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Шығармас отан мәңгі естен» атты Несіпбек Айтұлы жазған отан туралы өлең берілген.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1085
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Жібітпес ақын жыры да,
Ерітпес күннің нұры да
Кеудеге қатқан мұз-қарды!
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Шығармас Отан мәңгі естен
Жас жанын қиып, қан кешкен
Кешегі ұл мен қыздарды!
Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Алмаса жаудан солар кек,
Татпас та, бәлкім, болар ма ек
Бақыттың дәмін біз мәңгі!

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері