Белгісіз автомат – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Белгісіз автомат» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 887
Аспаннан бомба төгіліп,
Қысқанда майдан қат-қабат,
Окопта қалды көміліп,
Ұшты да қолдан автомат.
Жұмған соң көзін жас қыран,
Автомат қайда – білді ме?
Табылып топырақ астынан,
Музейде бүгін тұр, міне!
Жүрегім өксіп езіле,
Тереңнен ащы мұң қозғап,
Көргенде соны көзіме
Елестеп тұрды бір боздақ.
Көресі көріп не түрлі,
Шіріген әбден темірі.
Белгісіз солдат секілді,
Белгісіз мұның нөмірі.

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері