Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу
Жас кезде білместікпен шұғылданар,
Салауатты өмірдің шырқын алар.
Кім білсін болашақта не боларын?!
Зардабы енді оларды сілкіп алар.
Түтінін бұрқыратып бала шығар,
Қызығып сол түтінге есі шығар.
Темекіні алуға ақша таппай,
Ұрлыққа кірісуге енді шығар.
Құмартып алкоголь мен есірткіге,
Рөл ойнап өмірінде ол есіпті ме?
"Соңғы рет" деген сөзді жаттап алған,
Бұл зияндар көкейлерін тесіпті ме?
Не пайда есірткіні пайдаланып,
Қатынасты достарымен жойғаны анық.
Адамды адам емес хайуан етер,
Қылмыскер боп шыққаны жайдан анық.
Есін білмей жүреді олар дел-сал болып,
Ұрпақтары туылады содан кемтар болып.
"Күйіктен ішем",-дейді ал қызған соң,
"Өмір-ай неткен керемет",-дейді толып.
Мамасының баласы деген сөзді,
Естімейміз дейді олар масаттанып,
Алкоголь мен есірткі тұтынып ап,
Немқұрайлылық,даңғойлық жасады анық.
Есірткіні пайдаланар әуес болып,
Есейем деп ертерек есі толып,
Өміріне қанша зиян келтірді ғой,
Жастайынан кетіп жатыр қайтыс болып!
Әр адамның бақыты ол заңдылық,
Салауатты өмір салты жүрегімде жаңғырық.
EXPO ға келген барлық қонақтарға,
Өмір салтын үйретейік біз оларды таң қылып.
Бүкіл әлем танитын елге айналғанбыз,
Тәуелсіздікті бейбіт жолмен алдық біз.
Салауатты өмір салтын ұстанарлық,
Қаймағы бүтін қазақ дейтін халықпыз!
Мереке
Өте керемет, толғандыратын өлең, керемет сезімде отырмын!
Нұрым
тамаша! Осындай жастардың еңсесін көтеретін өлеңдер көбейе берсін Алға
Қасым
Өте керемет
Нұрғаным
Алға!!!
Ақмаржан
Өте керемет мағыналы осындай қыздар көп болсын