Шабан ат — жаман ат – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шабан ат — жаман ат» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4123
Бар қыршаңқы шабан ат,
Болмас одан жаман ат!
Кімдер оны жегеді,
Сол азабын шегеді.
Қамшы да оған батпайды,
Аттайды да тоқтайды.
Арпа бидай жегізген
Артық емес өгізден.
Сөз естісе «р»ы бар,
Тұрып алар сыры бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері