Базына

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3067
Дарқан дала дәулет боп тасиды енді.
Тасиды енді,
Ешкімге бас имейді.
Керегенің түбінде керілдің бе?
Балкон емес ол саған тас үйдегі!
Ақ көйлекті әдемі қайда қайың!
Айлы түнде самал боп аймалайын,
Жайлауды сен көрдің бе?
«Жайлау» атты
Ресторан емес ол, айналайын!
Қалай маған даланы мұра демес?!
Дала болып алдымда тұрады елес.
Шымырлаған бұлақтан су іштің бе?
Құбыр емес ол саған,
Кран емес!
Біртұтас боп тұрғанмен әлі ғалам,
Басқашалау өсірді сені қалаң.
Киіз үйді,
Жайлауды,
Даланы ұқпай,
Ұқпайсың ғой,
Ұқпайсың мені, балам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базына өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Базына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Базына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері