Арман

Бұл бетте «Арман» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 14791
Азамат боп мен ертең
​Ауылымды көгертем.
​Біздің қазған канаға
​Канал болмас келер тең.
​Жерім жұмақ болады,
​Бұлт мақта боп қонады.
​Бір пұшпағы шөлейттің
​Ақ күрішке толады.

Түрі өзгеріп түзімнің,
​Жыры өзгерер күзімнің.
​Әжем менің шай ішер
​Саясында жүзімнің.
​Бақпен бөгеп желіңді,
​Жайнатамыз шөліңді.
​Өмір сүріп не керек,
​Көгертпесең еліңді?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері