Шаруа – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шаруа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3342
Мен үшін ауылымның әр күні өлең.
Махаббат дейтін мәңгі бар бір емен.
Ғажап қой
Алай-дүлей бораннан соң
Аулаға шығып алып қар күреген!
Көңілді шығып үйден,
От басынан,—
Жасыңда ұлылармен аттас ұлан,—
Ғажап қой
Шана үстінде жантайып бір
Жақыннан ашық күні шөп тасыған!
Жететін өміріме барсың арман.
Арманға қарсы шықпан,
Қарсы барман.
Ғажап қой
Туған жерде тірлік кешіп,
Ертемен отын жарған,
Мал суарған!
Баяғы еркін ауыл,
Еркін халық.
Күн батар көкжиекке өртін малып.
Ғажап қой
Буын сүрткен маңдайыңның
Басыңнан терлеп кеткен бөркіңді алып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері