Қиыласың – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қиыласың» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1418
Қиыласың, домбыраңды шертші деп,
Тымық күнде дауыл тілеп, өрт тілеп.
Бұл өмірде қуанышты да, көкірегін
Қасіретпен қарс айырған дертті көп.
Кішіресің сонша неге қиылып,
Жанарыңа жылу біткен жиылып.
Мол сезімің абайсызда мөлт етіп,
Шарасынан кететіндей құйылып.
Қиыласың, сол бір әнді тым қалап,
Жүрегіңді айықпайтын мұңға орап.
Бақыт неге болмайды екен баянды,
Табаны оның сонша неге сырғанақ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері