Бұлттар көшіп барады

Бұл бетте «Бұлттар көшіп барады» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2350
Шуақ іздеп шығып ем,
Құрсанды күн.
Бұлттар көшіп барады мың сан бүгін.
Жетер ме екем
Ентелеп қусам бірін?
Кетер ме екен
Көңілдің жусам кірін?
Көз алдымда көлбеңдеп тұрып алды
Көгілдір тау,
Кербез бел,
Жусан қырым.
Кімге барып ақтарсам сыр сандығын?!
Орындалмай,
Жайына жұмыс қалып,
Тұрғанын-ай жанымның қырыстанып.
Біреу ескі жарамды тырнап ашып,
Дуылдатып кеткендей бұрыш жағып.
Бұзылуы-ай...
Көңілдің күйі келмей,
Құбыламын бір дауыл үйірердей.
Көшкен бұлтқа сүлесоқ сүзілумен,
Жүріп алдым күн ұзақ үйіме енбей.
Бұлттар көшіп барады бұ
лаң қағып,
Көшкен бұлтқа табиғат тұр алданып.
Көкжиекке қараймын құмарланып,
Көрінбей тұр бірақ та тұманданып.
Тұманданып тұрғаны-ай мына күннің,
Тастар ма еді парақтай бір аударып?!.
Көкжиектің ар жағы тау ма тағы?
Жалпақ қырды жанарым аунатады.
Көгілдір тау басына байырқалап,
Мына бұлттар маржанын саулатады.
Одан да ары кетеді жырақ қалқып,
Кісінесіп, тұлпардай тұяқ тарпып.
Ашуланса, найзағай қамшысымен
Қара тасты бетіне бір-ақ тартып.
Ағыл-тегіл немесе жылап алар,
Жыламаса бұлттарға кінә болар.
Шөлі қанып, жетісіп жыра қалар,
Асыр салып, еркелеп бұлақ ағар.
Жұбата алмас бұлттарды бірақ олар.
Көк аспанның айығып мұнары бар,
Жылап алса бұлттан да мұң арылар.
Әр нәрсенің өзінің сыңары бар,
Мұң арылса шаттықтан тұнады бал...
Бұлттар көшіп барады легіменен,
Жайлап қана дым бүркіп лебіменен.
Жерде тұрып жете алмай құлазыған,
Бірінің де ісі жоқ меніменен...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлттар көшіп барады өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұлттар көшіп барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлттар көшіп барады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлттар көшіп барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері