Ақыл – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ақыл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6258
Әкемдей
Әдемі мұртым жоқ.
Әпкемдей
Әп-әсем тұрқым жоқ.
Атамдай
Шашымның ағы жоқ.
Апамдай
Әжімім тағы жоқ.
Мейлі ғой!
Оған кім қарайды?!
Ақылды болсам тек
Жарайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері