Бұл бетте «Жаңбырдан соң» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күміс кірпік өткір сәуле жерде ойнар
Шаңқай түсте ысып кеткен күн қайнар
Мазасыз жел кетіп еді жоғалып,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.
Тына қалды ішін тартып жел енді
Қара жақбыр құйып ала жөнелді.
Ойнап еді бір топ бала ілкіде,
Санын соғып, алақайлап.
Ал, енді
Жаңбырдың мол селдетерін білгесін,
Жүгірісіп үйді-үйіне жиды есін.
Өтті нөсер бөбектерді су-су қып,
Денесіне жабыстырып жейдесін.
Сімірді де тұрған қақты, шалшықты..
Сілкінді бір, сусаған жер тыншықты.
Сахна – аспан, шымылдық – бұлт
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат,
Жақсы баға
Алған бала
Сыяқты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі