Үйрек

Бұл бетте «Үйрек» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3500
Таксиді көргенде
Тауықтар сасады.
Ал үйрек дегендер
Асықпай басады,
Қусаң да соңынан,
Бір ұшып-қонбайды-ау
Машина жолынан,
Әй, өтіп болмайды-ау!
Мойыны қайқаңдап,
Кергиді, айтқандай.
Басады байпаңдап,
Қонақтан қайтқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйрек өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Үйрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері