Атасам сөздің иесін

Бұл бетте «Атасам сөздің иесін» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 876
Сөздердің өзі сөйлейді.
Рабиға Сыздықова

«Сөздіктерде әзір» деп
Бекерше іздеп жатасың.
Ойыңда жүрер қадірлеп,
Сыйласаң сөздің атасын.
Ну орман етіп жайқалтты
Абайым тілдің негізін.
Жалғастырды бай салтты,
Мұхтар сөз шалқар теңізін.
Жолықсам қауіп­қатерге,
Мағжанда жатыр керегім.
Махаббат жеңсе, Сәкенге
«Тау ішінде» еремін.
Сексен көлге қарауды
Сағынсам шабыт тұтанып,
«Оқжетпеске» жалауды
Іледі Сәбит Мұқанов.
«Бозінгенді» боздатсам,
Әбішті іздеп кетемін.
Аралдың назын қозғалтсам,
Әбдіжәмілге жетемін.
Сырбайдан сөздің төресін
Алғаным ерен сыйлы етті.
Өжет тіл өткір өресін
Қасым аға үйретті.
Сұрапылды дауылдан
Тік өтсем саспай бүгінде:
Рахымжан, Мәлік, Бауыржан
Сөйледі соғыс тілінде.
Жер-­су,
Аңдар атауын
Ілияс ағам селдетті.
Ойлы сөз құтты қатарын
Мұзафар ағам өрлетті.
Суретшіл бастар өлеңге
Ақан сері қашанда.
Сөз алдым,
Сәулем, сенен де
Махаббат тілін ашарда.
Өз анам сөздің төркінін
Ақ сүтімен дарытты.
«Гәккушіл» күннің өр тілін
Үкілі бабам танытты.
Іздеумен ғой сөздің иесін,
Таптым ғой тетік тілден де.
Киесі мен жүйесін
Сөз жолығар білгенге.
Жүрекке шырақ жаққандай,
Жүйелі сөз сөнбейді.
Рабиға сөзгер айтқандай:
«Сөздердің өзі сөйлейді».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атасам сөздің иесін өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Атасам сөздің иесін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атасам сөздің иесін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атасам сөздің иесін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері