Кіндік қаның тамған жер

Бұл бетте «Кіндік қаның тамған жер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3988
(Фазыл Кәрібжановқа)

Көргенде Нанан ауылы зираттарын,
Жан толқып, көкірегімде жыр баптадым.
Мына жер ескі ауылдың жұрты десе,
Жаттадым құтты әңгіме тыңдап бәрін.
Жасасам үлкендерге ұлы жорық,
Құтты жер кең ашылды сыры толық.
Шіркін­ай, сәтті сапар атар едім,
Толықсам ата­баба нұры қонып.
Фазеке, тусаң Нанан ұлы болып,
Сенімен жайнай түсер сыры толық.
Ержеттің бүкіл қазақ мұңын жоқтап,
Мағжандай ойы менен қырын шолып.
Ауылдың шын қамқоры, қазанатсың,
Еңбегің жазылмаған таза хатсың.
Шаяхметов, Тәшенов арыстарға
Дем берген, ақыл қосқан азаматсың.
Тер төккен Есіл­Көкше ұланысың,
Күш қосқан Қарағанды – қуанышың.
Нананнан Алатауға өрлеп жеткен,
Қазақтың алғыр туған қыранысың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіндік қаның тамған жер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Кіндік қаның тамған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіндік қаның тамған жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кіндік қаның тамған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері