Өлең, жыр, ақындар

Ішкенім де жегенім күшаладай

  • 18.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1233
Ішкенім де жегенім күшаладай,
өмір еді неткен бұл құсаға бай,
атқылап-ақ жатқаны қайғы мен мұң,
қатар қойған қалқансыз нысанадай!...
Аямайды жаныма батады деп,
кезегімен толассыз атады кеп.
Ызыңы да, көңілдің қыжылы да
күннен-күнге басылмай, жатады үдеп.
Қатып-семген қашанғы шер де шемен
ұсынады улы зәр зер кесемен,
өзімді өзім жұбатып,
алдайын деп,
қалмайын деп сімірем мен де сенен.
Осы ма деп қалың ел ұғар қайғым,
жастығымды жата қап жұмарлаймын.
Бірте-бірте күш кеміп,
жүрек қана
қасарыса тістеніп, шығармайды үн!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дау

  • 0
  • 0

Айналамды қоршаған, қаумалаған
ағайынның барлығы жау ма маған?!—
Ақ сөйлесем болғаны, адал айтып,
айықпас бір алапес дауға қалам.

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Баяу тартып баяғы ырғақ,
көмескі үн,
Сағынар да,
зарығар да емеспін.

Толық

Абай ескерткіші алдында

  • 0
  • 0

Дәрежем болмаса да дүрілдеген,
бірімін мықтылардың бүгінде мен,
айыпқа бұйырмасаң,
Абай аға,

Толық