Есіңде ме? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Есіңде ме?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 849
Есіңде ме?..
Көктөбе... ақ күміс күн...
Құшып ыстық өзіңді, қатты қыстым.
Құйын болып өткендей болды-ау, дүние,
жанарыңнан сол шақта жат бір ұшқын.
Шырқ үйіріп бір сезім Көктөбені,
жат сурет елестеп өткен еді...
Қайыра кеп құшуға
үркек көңіл
дір-дір етіп, қайтейін, беттемеді.
Өз-өзінен көңілім үркектеді,
әлгі әдемі аспан да нұр төкпеді.
Талай тәлкек тағдырдың куәгері —
Көктөбенің беті де бүлк етпеді.
Содан бері қаншама келді де кеш,
Келді кештер... біз үшін мөлдіремес.
Содан бері...
Көктөбе жаққа барсам,
көз алдымнан кетпейді сол бір елес...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіңде ме? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Есіңде ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіңде ме? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіңде ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері