Тіршіліктің тірегі

Бұл бетте «Тіршіліктің тірегі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 1
  • 4783
Ойланып, ой жүгіртіп әлемге кең,
Барсам да қай өлкеге, қай елге мен,
Бүкпесіз білетінім бір-ақ ұғым –
Тірегі тіршіліктің әйел дер ем.
Қалайша тараған деп науан адам,
Өзіне қояр болса сауал адам,
Жауабын оп-оңай-ақ табар еді,
Түпкі тек – Адам ата, Хауа анадан.
Бақтағы жемеңдер деп бұл алмадан,
Ескерту болғанымен бір Алладан,
Атамыз Анамыздың ақылымен,
Ақыры тағат тауып тұра алмаған.
Талаптың түсінсе де қаттылығын,
Атамыз шыдамаған ақтылы күн.
Үзіп жеп балғын бақтың жемісінен,
Сол күннен ұққан оның тәттілігін...
Сол күннен түсініппіз сұлулықты,
Сол күннен түсініппіз жылулықты.
Сол күннен сұлуларға ұмтылыппыз,
Сол күннен түріп тастап туырлықты.
Сол күннен сұлулыққа табыныппыз,
Сол күннен сәл көрмесек, сағыныппыз.
Сол күннен батыл да боп, ақын да боп,
Алдында арулардың ағылыппыз.
Сол күннен сұлулар боп тілегіміз,
Сол күннен жарылыпты жүрегіміз.
Сұлулар – гүліміз де, күніміз де,
Сұлулар – тынысымыз, тірегіміз.
Сұлусыз гүл өңірдің сәні бар ма?
Сұлусыз бұл өмірдің мәні бар ма?
Сиқырын сұлулықтың сезінбесек,
Теңей бер онда бізді жануарға.
Сұлумен гүл жайнаған көктем өмір,
Сәулесін саналарға төккен өмір.
Сұлусыз, аруларсыз өткен өмір –
Қызығы, қызуы да кеткен өмір.
Ақ сүтін аналардың ақтайық та,
Мәңгілік махаббатты сақтайық та.
Тәңірі сұлулық пен жылулықтың –
Мақтасақ, әйелдерді мақтайық та.


Пікірлер (1)

Динара

Құрметті Bilim-all сайтының ұжымы, Абдрахман Асылбек ағамыздың "Тіршіліктің тірегі" өлеңін оқып, жүрегім жылып қалды! Қандай әдемі, қандай терең ой! Адам ата мен Хауа анадан бастап, әйелдің өмірдің мәні, гүлі, күн нұры, тынысы және тірегі екенін соншалықты әсерлі жеткізген.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршіліктің тірегі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тіршіліктің тірегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіршіліктің тірегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіршіліктің тірегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері