Ғашық дүние – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ғашық дүние» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1123
Дүние-ай,
Қадіріңді күрт ұқтырып,
Барасың күннен-күнге ынтықтырып,
Көлбеген көк белдерге,
Көк пен жерге,
Қараймын көздің жасын сүртіп тұрып...
Сүйсініп сырыңа да,
Қырыңа да.
Түскенім қызығыңа құныға да,
Мәңгілік екендігін сезуден-ау,
Шайқалмас дүниенің нұры ғана.
Көк аспан құшып ыстық бірде мені,
Көз алдым көп бояумен түрленеді.
Көкірек дір-дір етіп,
Дір-дір етіп...
Осы ма, құдірет-ау, мұң дегені!
Менің де көңілімді сырнай қылған,
Сан дүбір естіледі тынбай қырдан!
Шынымен
Мұң дегенің осы болса,
Айналып кетпеймісің
Мұндай мұңнан!..
Дүние-ай,
Қуанып та,
Не бір күле,
Енді ұқтым өзіңді де,
Өмірді де,
Алдыңда ақтарыла кеткісі кеп
Аңқылдап,
Ашық тұрған көңіл міне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық дүние өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ғашық дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері