Қалса қарыз өтелмей – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қалса қарыз өтелмей» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Қалса қарыз өтелмей,
қарғамас па ел кейін,—
бүгін өле кетердей,
күңірене бермейін.
Құдай қуат берсе енді,
жырды қойып жылауық,
бетегедей еңсемді
көтерейін бірауық.
Тұншықтырып үнімді,
тұсап келе жатқан кім?
Сыры қайда бұрынғы
сыбдыр қаққан бақтардың?
Басылмады бір даң-дүң,
тасынбады мерейім,
Жылтыраған жылғамның
кім бітеген көмейін?
Бақ,-
дәреже — бәрі үркіп,
келмесе де құр қалғым,
жан-жағымды тарылтып,
қолды байлап тұрған кім?
Қызықтырып қойды арман,
жеттім қанша,
жетілдім,—
Секірмедім тойғаннан,
тоңғандықтан секірдім.
Болды қайғым атқа жүк,
айтпағаным ұят-ты,
Көңілім де қатты азып
бара жатқан сияқты.
Емешегі үзілер
ешкімді іздеп таппадым.
Қандай ғана қызық ел —
қарап жүріп,
жақпадым.
Содан шығар
жылауық
болып алса өлеңім,
еңсемді де бірауық
көтере алмай келемін.
Еңбегім де өтелмей,
сөз суырып тереңнен,
бүгін өле кетердей,
күңірене берем мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалса қарыз өтелмей өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қалса қарыз өтелмей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалса қарыз өтелмей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалса қарыз өтелмей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері