Алтын ұя — мектебім – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Алтын ұя — мектебім» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 11408
Алтын ұя – мектебім,
Өзіңде өніп, көктедім.
Бас иемін алдыңда,
Өзің – мәңгі көктемім.

Алтын ұя – мектебім,
Дәт-қуатым, от-демім.
«Мақсаттарға діттеген,
Білім қуып жет!» дедің.

Алтын ұя – мектебім,
Қимай да сені кеткемін.
«Белгі боп сенде қалсын» деп,
Аулаңа шыбық еккемін.

Алтын ұя – мектебім,
Өзіңде өніп, көктедім.
Бас иемін алдыңда,
Өзің – мәңгі көктемім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері