Бұл бетте «Мектебім» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарсы алар есіп алдымнан, Самалы дархан даланың. Өзіңді әркез сағынған, Туған жер ерке балаңмын.
Жайлауда жасыл жамылған, Оранып аппақ сағымға. Қыр асып отар барады, Жайлаудың төсін сағынған.
Ержетуді ойлап ертерек, Шаттанып, шалқып жүріппін. Келеді мені жетелеп, Бір сенің аппақ үмітің.
Ұядағы балапан қақты қанат, Қарға емес, қыранға өзін балап. Көтерілсем дей берді биігірек, Енді қатқан қанаты – жаңа талап.
Алтын ұя – мектебім, Өзіңде өніп, көктедім. Бас иемін алдыңда, Өзің – мәңгі көктемім.
Есікті сабалап, Дол жел ұрады. Жел үні қарашы, Құлақта тұрады.
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі