Бұл бетте «Бақыт» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бақыт туралы өлең берілген.
Қарағым деймін, қайда әлгі бақыт, қайда арман
Басымызға біздің бала жылдарда айналған?..
Бұлдырап ұшып буалдыр кеште кетті ме
Қолға ілікпейтін суыртпақ сәуле сайлардан?..
Балалық бақыт, басқа да бақыт басыңда тұрса дәл кәзір,
Адам емес, сен «ақ сайтанмын» де әзәзіл.
Бақыт дейтін батпақ емес қой, бауырым-ау,
Бақытты сүйсең, батпаққа батпай таза жүр.
Балалық – бақыт.
Басқа да бақыт бар, сірә.
Бақыт қона ма бәрімізге бірдей қоңсыға?
Шыдау керек пе, жылау керек пе, білмеймін,
Махаббат жасы төге салатын тамшы ма?..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі