Айналайын, алтын ұям — үй-ішім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Айналайын, алтын ұям — үй-ішім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 874
Айналайын, алтын ұям — үй-ішім,
күбір-күбір...
күлкілерім...
сүйісім...
Ата-ананың үлгірмеген үміті,
көңілімнің күмбірлеген күйісің.
Ауырсынбай арқалайтын "азабым",
бар қызығы тарқамайтын базарым,—
танаулары сүртілмеген ұл-қызым,
сорпа-суы бүлкілдеген қазаным.
Бағып-қағып оттың басы,
ошағын,
қасымда отыр құдай қосқан қосағым.
Жоққа бола еміреніп,
үздігіп,
жоққа бола көңілі еріп,
босарым.
Білінбейтін кемістігі,
кемдігі,
өмірімнің өзегісің ендігі,
мұнда мылтық атылмасы ешқашан,
мұнда көңіл сатылмасы белгілі.
Біледі ғой баяғыдан тегімді ел,
жаман-жақсы өте жатар не күндер,
жалғыз ғана тілегім бар, жасаған,—
от басына тыныштық бер,
өмір бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын, алтын ұям — үй-ішім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Айналайын, алтын ұям — үй-ішім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын, алтын ұям — үй-ішім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын, алтын ұям — үй-ішім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері