Қазақы дәстүр – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қазақы дәстүр» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1169
Кіріңіздер!
Берірек жүріңіздер,
Ауыл-аймақ аман ба?
Осы күні
Елді аңсаған адамның бірі біздер.
Жігіттер, шешініңдер!
Өз үйіңдей көріңдер, көсіліңдер,
Алағызып тұратын болып алдық,
Елден біреу келмесе осы күндер.
Келіңіз,
Келіңіздер!
Мәре-сәре боп қалдық тегі біздер,
Шай да қайнап тұр еді,
Төрге шығып,
Жастық алып, жайғаса беріңіздер.
...Қала дәмі,
Алыңыз,
Алыңыздар!
Мынадай да бір-бірді бәріңіз де ал!
Шүкіршілік, ақсақал,
Жүріп жатқан осындай хәліміз бар.
Ер қатарлы
...Асығыстық жасаса осы ініңіз,
Кешіріңіз, ақсақал, кешіріңіз.
Жөн сұрасып алсақ па деп жатырмын.
Кешіріңіз!
Кім еді есіміңіз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері