Өлең, жыр, ақындар

Жоқтау жыры

  • 08.08.2022
  • 0
  • 0
  • 854
Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына

Жоғалтып тағы да бір ердің Ерін,
Елсізде еңірегім келді менің.
Екі рет тумайды деп ондай ұлан,
Елімді енді қалай сендіремін?!
Көзім де көрмейтінін көрді менің,
Көруге көпті қалай көндіремін?
Қайран да қапы кеткен қарағым-ай,
Еліңнің есі едің-ау, ерлігі едің!..
Не дедің?
Не деп кеттің, кеш тұнығы-ау,
Құлағым естіместі естідің-ау!.
Бастайтын кім бар енді
Орта жолда
Жүгі ауып қала берген көшті мынау?!
Жазықсыз жасағанға көп қарайлап,
Боз дала бозұланын жоқтар айлап.
Өлімге қимайтын-ақ қарағымды
Кім екен бере салған оққа байлап?!
Таптатып табанына намысыңды,
Қаншама боздақ ұлдың сағы сынды.
Боғына татымайтын қарақшының
Оғына қиды екен кім арысымды?!
Қайран да...
Қайран ғана...
Қайран ғана-ау,
Шешілмей тым құрыса майданда дау,
Қайдағы қаңғып жүрген қараниет,
Қайтейін, төбемізде тайраңдады-ау!
Соңында сығалаған құсым барып,
Сездің бе, сезбедің бе?
Бұрылмадың.
Қолымнан түк келмейді-ау, қайран жұртым,
Қаншама қайнағанмен зығырданым!
Көре алмай қызығыңды кемді күнгі,
Сынай ма елдігіңді, ерлігіңді,
Білмейсің сыры мәлім сұмырайдың,
Атқалы тұрғанын да... енді кімді?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі жыр

  • 0
  • 0

...аяқ асты жылып күн,
елжіретіп, келді жетіп қылықтым,
ызғарды да,
мұз, қарды да кешегі,

Толық

Қызық күндерім

  • 0
  • 0

Қызық күндерім,
...бұзық түндерім.
тізіп тұр ма едің түзден мұң,—
саз үні тынды,

Толық

Көбейе берсе мұңлы күн

  • 0
  • 0

Көбейе берсе мұңлы күн,
дүние қалай болмас тар.
Шымбайға батып шындығым,
шыдамай кеткен жолдас бар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар