Ахау, жалған – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, жалған» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1659
Айт дегенде өлеңді тіл айтады,
Қандай адам тіліме мін айтады-ай.
Өлең айт деп балалар қолқа салса,
Мен айтпасам, өлеңді кім айтады-ай?

Ахау, жалған,
Өтіп заман барады
Бұл адамнан-ай.

Не деп өлең айтайын, қарақтарым,
Құтты болсын, мінеки, талаптарың-ай.
Кейінгіге үлгі боп қала берсін,
Осылайша айтайын қалап бәрін-ай.

Ахау, жалған,
Өтіп заман барады
Бұл адамнан-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері