Ахау, жар – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, жар» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2082
Ендеше торы дөнен, торы дөнен,
Болады байдан кедей соры жеңген, ахау, жар.
Жел сөзді бес-алты ауыз аямаймын,
Осындай Құдай айдап кезім келген, ахау, жар.
Қайыңның қар жұқпайды күрегіне,
Тартады жақсы нәрсе сүйгеніне, ахау, жар.
Үстіне тамашаның кезім келді,
Жеткізсін әр пендені тілегіне, ахау, жар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері