Мектебім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мектебім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1128
(Абай атындағы орта мектептің 70 жылдығына)

Ұл да оқыды өзіңде нелер өктем,
Қыз да оқыды – аумайтын көбелектен.
Шәкіртіңнің ішінде беттілеуі,
Тектілеуі болды ма менен өткен?!
Ендіктіде бойлықты, терендікті,
Кеңдікті де үйреткен, кемелдікті
Сенен мықты ұстазым болған емес,
Шәкіртің де болған жоқ менен мықты!
Сен дегенде кеудемде ән қызатын,
Алтын ұям өзіңсің мәңгі жақын.
Мың сан шәкірт оқытып шығарсаң да,
Маңдайыңа бұйырды жалғыз Ақын!
Көмейінен өлең-жыр сорғалатқан
Ақын жалғыз болғаны – ол да мақтан.
Өзің жайлы әңгіме еткендердің
Бәрінің де қабағын оң қаратқам.
Сондықтан да ашылып жан сарайым,
Жетпісіңді жырлайын, тамсанайын.
Өткенім деп өзіңді, көктемім деп,
МЕКТЕБІМ! – деп айнала жар салайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері