Дыбыс қалғып, маң бозарып – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Дыбыс қалғып, маң бозарып» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1134
...Дыбыс қалғып, маң бозарып,
Солық басып көлеңке,
Сап тыйылып даңғазалық,
Сабыр тапты кең өлке.

Ай аспанның сырға құсап
Әшекейлеп өңiрiн.
Балқығанда күнбатыс жақ
Байыз таппас көңiлiм...

Мұң түсiрiп қызылiңiр,
Мұрсат бермей жалғанға...
Дүниенiң қызығы мың
Бiр сәт тынып қалғанда,

Қызыл нұрға боялғанда
Күн сәулесi әлсiреп,
Селк етiп жан оянғанда
Ұмсынбай ма сау тiлек!..

Беу, iңiрiм, сенен өзге
Берер ме екен сабыр, мұң,
Құйылшы бiр дәл со кезде
Тереңiне жанымның.

Қу жанымның жұтын бiлген
Ал не дейсiң сезiмге...
Өзiңдемiн бүтiннiң мен,
Бүтiн менiң өзiмде!..

Жойылудың дәмiн татып,
Жолығуға билетшi,
Тыныш кешпен дамылдатып,
Тыныстауға үйретшi.

Көңiлiмдi өткен сұз қып
Сiлкiп тастап ауырды,
Дүниемен кеткен мызғып
Араластыр жанымды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері