Мұқағалидың монологы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 12451
Өлсем, өлгім келеді ерте көктемде,
Ерте көктем еміреніп жеткенде,
Еміреніп жетсе, шіркін, кетпес пе ем,
Қолым қойып өмір деген дәптерге...
Өлсем, өлгім келеді ерте көктемде,
Алтын күрек жеңіл желпіп өткенде,
Қасат қардың қату жаны елжіреп,
Сай мен сала суға толып кеткенде.
Неден қорқам, не сұмдықты көтерем,
Залымдықтың зар түбіне жетер ем,
Дүниенің жамандығын жинап ап,
Қар суымен жерге сіңіп кетер ем!
Сөйтіп мына дүниеден күсер ем,
Қалса, қайран қаралықтан тыс әлем.
Зұлымдығын қар суымен сіміріп
Жеті қабат жер астына түсер ем.
Түсер едім: айналайын, бізді ұмыт,
Жүректегі жүз уайымды сыздырып.
Дүниенің жамандығын мен алып,
Жер бетінде қалса жалғыз Ізгілік!
Беу, Ізгілік, адамзатқа нұр сауып,
Дүрілдетіп бақыт туын жүрсе алып.
...Ал көктемде сен келгенде, аяулым,
Жас қабірім жатса, шіркін, бусанып.
Ерте көктем өң берер ед көк белге,
Көк белдегі мен жантайған бөктерге,
Өмір тілеп өткен менен кеткенге,
Өлсем, өлгім келеді ерте көктемде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағалидың монологы өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұқағалидың монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мұқағалидың монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағалидың монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері