Қара бұлтты үйіріп, селмен ұрып – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қара бұлтты үйіріп, селмен ұрып» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1127
...Қара бұлтты үйіріп, селмен ұрып,
Дауылымен түйіліп желмен ұрып,
Тағдыр мені тезіне салып алып,
Жібергісі келді бір «пенде» ғылып.
Бұлт артында білдім мен шуақ барын,
Дауыл ғой деп дәмемді құлатпадым.
Сырғақтамай, сырғымай қарсы алғанмын
Тағдырымның сыбаға, сынақтарын.
Қарсы алмасқа жоқ ешбір айла-шарғым,
Тағдырымнан қашанда қайда асармын?
Тағдыр, саған мың да бір рақмет,
Өкіндірдің, өксіттің, ойға салдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері