Қайда тығылам? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайда тығылам?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 783
Жерден көтеріліп
Ұшайын деп ем
Бір пәлелер
Қанатымнан басып
Ұшырмай тастады.
Шөлдерді кезіп
Безіп кетіп ем
Жан- жағымнан
Жыландар шығып
Ысылдай бастады.
Одан құтылып
Тауларды жастанған
Бұлттарға сүңгіп ем,
Найзағайлар
Жон арқамнан
Тіліп жіберді.
Орманға барып
Апанға кіріп ем
Айбақ- саймақ
Ағаштардың тамырлары
Сүйектерімді күтірлетіп
Сығып жіберді.
Қайда тығылам?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері