Сансырау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сансырау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Бір күні мен
Өмірден безініп
Өзімді өзім
Жерледім.
Бұл өмірді көрдің ғой
Енді сен о дүниені көр дедім.
О, тоба,
Өзімді өзім
Жерлеп тұрып,
Бүршіктеп
Жапырақ жардым...
Сонан соң өзіме--
Топырақ салдым!
Сансырағаным- ай!..—
Мені қоршап тұр
Сан сұрақ бүгін;
Мен қазір
Мына өмірде
Бірде
Жоқ сияқтымын,
Бірде
Бар сияқтымын..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері