Өлең, жыр, ақындар

Тебіреніп, толғана

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 557
Тебіреніп, толғана
Түсін бәрін сен, бала.
Сағынышпен күн кешкен,
Ата-бабаң – шөл дала.
Бақыттысың сен деген,
Ештеңе әлі көрмеген.
Еріндері кеберіп,
«Азаттықтан шөлдеген» –
Ата-бабаң – түбірің,
Әкең – сенің тұғырың.
Бақыты үшін ұрпақтың,
Арнап өткен ғұмырын.
Бойын билеп намыстар,
Жауын жеңіп жаныштар.
Бабаң сенің – көк жиек,
Жақындасаң алыстар.
Жемістері күздегі,
Бабалардың біз – демі.
Сайрап жатыр бабамның,
Шөл далада іздері.
Іздер деген немене,
Дала деген кемеде.
Бабалардың көргені –
Немере мен шөбере.
Күй төгетін мөлдіреп,
Домбырада сол тиек.
Жақындасаң жеткізбес,
Келер ұрпақ – көкжиек!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үзілген алма

  • 0
  • 0

Діңгектен тамыр тартып жан бабасы,
Бүршіктен көзін ашып бар баласы.
Шебер қол, нәзік саусақ шілтеріндей,
Гүлдейді-ау кестеленіп алма ағашы.

Толық

Дүниені оятып таңым атты

  • 0
  • 0

Дүниені оятып таңым атты,
Аспан тұр аман-есен әруақты.
Ата-баба рухындай мәңгі өлмейтін,
Сәулелер жүр аралап шаңырақты.

Толық

Мәңгілік ел

  • 0
  • 0

Мәңгілік Ел дегенде,
Күнді ойлаймын, күткен талай сағына,
Бұл Қазақтың біткен мынау бағына,
Мәңгілік ел дегенде,

Толық

Қарап көріңіз