Өлең, жыр, ақындар

Конкурс

  • admin
  • 12.09.2024
  • 0
  • 0
  • 150
Мiне, тағы жаңалық:
Газет қапты iлiнiп.
Хабарларды қарадық,
Кезек-кезек үңiлiп.
Қалдық бiздер мәз боп тым,
Болды өзi бiр оңды iс.
Бiр шетiне газеттiң
Жазылыпты конкурс.
Сурет етпек бiлгенiн
Талапкердiң барлығы.
Жақсы салса кiмде-кiм,
Сол алмақшы бәйгiнi.
Өнерiм бар менiң де,
Несi қиын бұл iстiң?
Шыға үйге келдiм де,
Жұмысыма кiрiстiм.
Ендi атамның торыдым
Аттылы көк шанасын.
Атам отыр тонының
Көтерiп ап жағасын.
Бояуларды
Жайлап мен
Әкеп қойдым үстелге.
Тұрып қалдым
Әйнектен
Көзiм сыртқа түскенде.
Әнеки, тұр
Атамның
Көк шанасы жегулi.
Желбiретiп сақалын,
Өзi де ендi көрiндi.
Көк шанасын зулатып,
Аттанды ол сапарға.
Танауынан бу атып,
Аршындайды аты алға...
Ұзатып сап шананы,
Жеткенiнше күшiмнiң,
Көрiнiстi жаңағы
Қағазыма түсiрдiм.
Масаттанып, күлiмдеп,
Мәз-мейрам боп тұр едiм,
Сынаған соң iнiм кеп,
– Сен жөнiңе жүр! – дедiм.
Мектепке әкеп тапсырдым,
Алам ендi жүлденi.
Балалардан жасырдым,
Мұнымды ешкiм бiлмедi.
Жақсылары бәрiнен
Қабырғаға iлiндi.
Көрушiлер алдымен,
Шеткiсiне үңiлдi.
Ат құлағын ұзын қып,
Жаңылыппын есептен.
Боясам да қызыл ғып,
Аумапты ол есектен.
Есек болса несi бар,
Жегеді оны шанаға.
Мен болмасам,
Осылар
Мұндайды да сала ма?
Қарт ұқсамай қалса да,
Қарап өттi сан адам.
Айнымапты, ал шана
Көкпеңбек сол шанадан.
Мен өзiмдi бiлдiрмей,
Тұра бердiм шеткерi.
Балалар көп кiдiрмей,
Өзгесiне беттедi.
Мұнда бұдан басқа да
Iлулi тұр көп сурет.
Бiреулерi – «Асхана»,
Бiрiн жазған «Шөпшi» деп.
Бiрiн жазған «Түйе» деп,
Бiрiн қойған «Клуб» деп.
Бұларға жұрт үймелеп,
Өтiп жатыр күлiп көп.
Көрушiлер ақыры
Бiр суретке тiрелдi.
Қандай өзi тартымды,
Мұны салған кiм едi?!
Бiр аққала тұр қалғып,
Аймалайды таң нұры.
Барлығымыз құр қалдық,
Осы алды бәйгiнi.
Талай көздер сүрiнген
Суретке сан үңiлдiм.
Кейiн бiлдiм мұны мен,
Еңбегi екен iнiмнiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жыл кешінде

  • 0
  • 0

Жаңа жыл кешінде
Жаңа жыл.
Жаңа жыл келеді,
Сұлтан Қалиев

Толық

Қанша сәбіз еді?

  • 0
  • 0

Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.

Толық

Жас түлектер жыры

  • 0
  • 0

Жас түлектер жыры
Білімге біз, туған ел, құмар ұл-қыз –
Арман қуған жас түлек, ұланыңбыз.
Сұлтан Қалиев

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар