Шөлдедім – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Шөлдедім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 885
Шөлдеп жүрген мен бір жанмын,
Дала деген тағдырданмын.
Сан мұңайып, сан қуандым,
Мен бар жерге жаңбыр жаудың.
Шөлдеп жүрген мен бір жанмын,
Жұмбағы мол тағдыр – алдым.
Мен барамын бірге самғап,
Қанатында әрбір әннің.
Шөлдеп жүрген мен бір жанмын,
Сан өртеніп, сан бір жандым.
Дос ішінде жалғыз бармын,
Көп ішінде жалғыз қалдым.
Махаббаттың даласында,
Сұлу жанар, сені көріп шөлдедім.
Қара көздер арасында,
Сұлу көздер, сені іздеп шөлдедім.
Өмір мені ғашық етіп тербедің,
Жүрегімді ашып көрсең сен менің,
Өркеш-өркеш нарын құмдай кең дала
Кеудем толы көресің сен шөлдерін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері