Дат
Тіршілікте әркім өз орны бар,
Ортасы бар әңгімесі ұнайтын.
Күнделікті болмаса да аракідік,
Адамы бар хәл-жағдайын сұрайтын.
Сонда да, көңілін қимай отыратын,
Орындар бар адамды мезі ететін.
Ұнатып, көңіл қойып шақыратын,
Бір жерлер бар, өзің іздеп кезігетін.
Дүниеге танымың ұштасатын,
Ойыңа өзгеше бір күш қосатын,
Орталар бар, орын алар ойып тұрып.
Кетерде қимай-қимай қоштасатын.
Бұл күндері көрінгенмен көріспей,
Іздеп жүрмін әңгімені саналы.
Айтпаса да, ренжігендей боп іштей.
Сөз төркінін түсінгендер шамалы.
Ұғына алмағансоң ойымды дәл,
Құрғақ сөзбен құрсаулап, тойындырар.
Жақсылыққа жетелей алмасаңдар.
Ей адамдар! Жайыма мені қойыңдар.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі