Тəуелсіздік шежіресі
Ер деген-азаматтың өз ұраны,
Ел үшін-мақтарлықтай бір ұланы.
Жұрты үшін көтеріліс бастағаннан,
Сол күннің Қайрат,Лəззат құрбандары.
Қос мұрын,қаққан ауыз,қаралы көз,
Ержүрек еңбегіне келмеген сөз.
Намыспен халқы үшін жанын қиып.
Айбарыстай бастаған көтеріліс,
Заманға əділдікті орнатам деп.
Отырды мінсіз Қайрат темір торға,
Еліме Тəуелсіздік аламын деп.
Колбиннің құрбаны боп түсті орға,
Лəззат пен Қайратымның бұл еңбегі.
Елімнің тыныштығын сақтап еді,
Көтеріліс жариялап сұм Колбинге.
Республикаға Тəуелсіздік алып берді,
Елімнің тыныштығын сақтаған-ер.
Жерімнің тыныштығын сақтаған-ер,
Қыршындай боздақтарым Қайрат,Лəззат
Мəңгілік мақтай берем!Мақтай берем!
Арнаймын тəуелсіздік шежіресін,
Ерлердің бізге берген берекесін.
Құттықтап айта берем,айта берем,
Жаңғырған Тəуелсіздік мерекесін!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі