Ағашқа қаққан сынадай
- 0
- 0
Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
Бұл бетте «Жалғыз жан» атты Қали Дарын Ғалымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қали Дарын Ғалымұлы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Қали Дарын Ғалымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
Қыпша белiң қылдырықтай,
Омырауың бұлдырықтай.
Бұйра толқын қара шашың
Ай тығылған түнгi бұлттай.
Ернiм бара бередi ерiнiңе,
Ерке сезiм ес-түссiз емiнуде.
Алпыс екi тамырың иiгендей
Сен де бейғам бейiлсiң берiлуге.
Көрсетсе көрiктi қыз iңкəр қылық,
Көңiлiн ауламай ма сұңқар жiгiт.
Кенелсе кемдi күнге кербез күлiп,
Жөнелсе ендi бiрде шырқауға iлiп!
Бергей де Алла тiлектi
Келгей де көктем, жаз айым.
Жаралы жазған жүректi
Тiлiммен жалап жазайын.
Нұрсая
Мұқағали мақатаев өлеңді рі
Нурдана
Оте магналы екен
Daryn_Galymuly
Нұрсая,барып Мұқағали еңбектерінен сауатыңды ашып кел ...