Ернiм бара бередi ерiнiңе – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ернiм бара бередi ерiнiңе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 1
  • 682
Ернiм бара бередi ерiнiңе,
Ерке сезiм ес-түссiз емiнуде.
Алпыс екi тамырың иiгендей
Сен де бейғам бейiлсiң берiлуге.
Көзiм түсе бередi тоқ төсiңе,
Көңiл бейiм шоқ көсеп, от кешуге.
Тоқсан тоғыз түймеңнiң түгi қалмай,
Тоғыз қабат торғынды оқ тесуде...
Қолым бара бередi аш белiңе,
Тоят лазым тойымсыз мас көңiлге.
Қамалың да, қақпаң да қаусап калды
Қарсы қайрат қыла алмай лəшкерiме!..
Көңiл ауа бередi алма жаққа,
Қалай қайыл қалмассың ол ғажапқа?!
Жазылмаса жұбымыз екен деймiн
Ап кеткенше Жəбiрейiл Алла жаққа...


Пікірлер (1)

Ермек Сарин

Шынайы сезім мен құштарлық тамаша жеткізілген.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ернiм бара бередi ерiнiңе өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ернiм бара бередi ерiнiңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ернiм бара бередi ерiнiңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ернiм бара бередi ерiнiңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері